Латын әліпбиі -болашақтың кілті

07.09.2022

2022 жылдың 6 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Казақстан халқы тілдері күніне орай екінші және үшінші курс студенттері үшін " Латын әліпбиі -болашақтың кілті" тақырыбында ауызша журнал ұйымдастырылды. Іс - шараның мақсаты- Қазақстанның латын әліпбиіне көшу реформасының маңыздылығын түсіндіру, елдің жазу тарихына қызығушылықты ояту, патриотизмге тәрбиелеу.

Іс-шара мазмұнды және ақпараттық презентациямен сүйемелденді. Жазу тарихы, оның әртүрлі тарихи дәуірдегі реформалары туралы ұсынылған мәліметтермен танысу барысында студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін білдіруге, ауызша журнал материалдарын қызықты хабарламаларымен толықтыруға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында ұйымдастырылған латын әліпбиіне көшу қажеттілігі туралы тезистермен диалогтар ерекше сенімді сөз сөйледі.

Іс-шара реформаның маңыздылығын түсіндіру, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруда танымдық және сенімді болды.



Текст
Виртуальная приемная